САЯСИ КАМПАНИЯ

lat: Saıası Kampanıa

нақты саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси көшбасшымен (партиямен, қоғамдық-саяси қозғалыспен, т.б.) басталған ашық зорлық-зомбылық түрлерін қолдануға тыйым салатын басқару үрдісі. Саяси кампания негізін белгіленген мақсатқа ұмтылатын нақты саяси актордың субъективті еркі құрайды. Себебі саяси кампания өз-өзінен пайда болмайды. Саяси кампания басқару объектісі өзіндік өмірлік ұстанымы, құндылық бағыт-бағдарлары бар адамдар. Саяси кампания субъектілері басқару шешімдерін қабылдайтын, оларды нақты тәжірибеде жүзеге асыруға ұмтылатын адамдар. Саяси кампания субъекті-объектілік басқару қатынастары ретінде қарастыруға болады.