САЯСИ КАМПАНИЯ СТРАТЕГИЯСЫ

lat: Saıası Kampanıa StrategıaSY

басқару субъектісі шешуге тиіс мақсаттар мен міндеттер жүйесі. Мақсат-міндеттер нақты анықталуы керек әрі олардың өзара байланысы болуы қажет және олар негізделуі тиіс. Стратегияда кампанияның нақты басты саяси мақсаты анықталуы тиіс. Саяси мақсаттарды анықтау саяси қайраткерлердің міндеті, ал мақсаттар кешенін анықтайтын саяси менеджерлер. Яғни, саяси мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін мақсаттар тобы. Саяси менеджерлер анықтауға тиіс мақсаттар тобы, бірінші кезекте, басқарушылық мақсаттар. Басқарушылық мақсаттар адам себептерінің, олардың қағидаларының және құндылық бағыттарының өзгеру мүмкіндіктерін көрсетеді. Басқарушы мақсаттар саяси кампания нәтижесі сәтті болуы үшін адамдардың мотивациялық құрылымдары, олардың көзқарастары, құндылық бағыттары қандай болуы керектігін айқындайды. Екінші мақсаттар тобын сендіру коммуникациялық мақсаттары құрайды. Сендіру коммуникациялық мақсаттарында орталық тақырып белгіленіп және оны таңдау себебі түсіндірілуі тиіс. Саяси кампания стратегиясының келесі қадамдары: адрестік топтарды анықтау; негізгі бәсекелестерге қатынасты анықтау. Жалпы стратегия атты құжат құрылым; саяси мақсат; басқарушы мақсаттар; адрестік топтар; сендіруші коммуникациялық орталық тақырып; сюжеттік линиялар; бәсекелестерге қатынас стратегиясы.