САЯСИ КАМПАНИЯ ТАКТИКАСЫ

lat: Saıası Kampanıa TaktIKASY

саяси кампания міндеттерін шешудің әдіс-тәсілдер жиынтығы. Жақсы ойластырылған тактика саяси кампанияның барлық қатысушыларын әрекет алгоритмін жасау арқылы стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тактикалық әдіс-тәсілдер: сендіруші коммуникация техникасы, БАҚ қарым-қатынас тәсілдері, бұқаралық істерді ұйымдастыру әдістері, т.б. Саяси кампания тактикасын таңдау келесі себептерге тәуелді: 1) саяси кампания ресурстарының шектеулігіне байланысты ресурстармен қамтамасыз етілетін әдіс-тәсілдер ғана таңдалуы керек; 2) саяси кампания ерекшелігі және оның жүзеге асырылу жағдайы есепке алынуы керек. Саяси кампания тактикасын жүзеге асыруда саяси менеджерлер рөлі маңызды. Саяси кампания тактикасы саяси менеджерлердің келесі міндеттерінен тұрады: 1) бұқара халыққа ықпал ету әдіс-тәсілдерін таңдауда екі белгі негізінде: тәжірибелік тиімділік және ресурстық қамтамасыз етілуді есепке алуы тиіс; 2) жүргізілуге тиіс әрекеттерді алдын ала уақыттық және кеңістік тұрғыдан бөлу өзара келісімде жүргізілуі тиіс; 3) жоспар құру; 4) әдіс-тәсілдерді нақты мазмұнмен толтыру.