бастау, жетекші идея, басты мінез-құлық ережесі; саяси ұйымның, теорияның, ілімнің, ғылымның, дүинетанымның және т.б. басты қағидасы; сонымен бірге бұл адамның саяси шындыққа қатынасын, мінез-құлық пен қызмет ережелерін анықтайтын ішкі сенімі. Логикалық тұрғыдан алғанда принцип орталық ұғым, жүйе негізі, қандай да бір қағиданың саяси саладағы құбылыстарға таралуы. Саяси принцип саяси жүйе элементі және оның нормативтік негізін құрайды. Саяси тәртіптер (мысалы, тоталитарлық және демократиялық) сияқты саяси жүйенің қызмет ету негізін құрайтын саяси принцип бір-бірінен айырмашылықтары бар.