САЯСИ ТРАНСФОРМАЦИЯ

lat: Saıası TRANSFORMASIaÁ

қоғамдық ғылымда ұйымдық құрылымдар мен қоғамдық өмір түрінің төңкерістік-реформистік негізде немесе эволюциялық-реформистік актілер, әрекеттер негізінде өзгеруін білдіреді. Саяси трансформация қоғамдық өмірдің міндетті элементі, себебі соның арқасында қоғамдық дамуда үдемелілік тууы мүмкін әрі талапқа сай түрлерді іздеу тән. Қоғамның өркениеттілік деңгейі оның жаңалыққа ашықтығымен, өзіне жаңа элементтерді тарта алуымен өлшенеді. Бірақ трансформация қоғамдық ағзаңы түбірімен бұзуға бағытталмауы керек. Саяси трансформация қоғамдық өмірдің негіздерін қозғауы немесе үстірт сипатта болуы мүмкін.