САЯСИ ТРАКТАТТАР

lat: Saıası TraktATTAR

екі мағынада қолданылады: 1) саяси тақырыптағы шығарма немесе ой; 2) халықаралық келісім. Саяси трактаттар саналы бағыт түрі ретінде Қайта Өрлеу дәуірінде қалыптасқан, оның негізгі идеялық мазмұны гуманизм болды. Гуманизм мәдени, ғылыми, философиялық қозғалыс ретінде адамзатты ортағасырлық шіркеу бұғауынан азат етуді, адамның жеке тұлғалық құқын қорғауды білдірді. Жеке тұлғаның өзіндік құндылықтарын мойындау жалпы адамзаттық құндылықтарды жаңғыртуды білдірді. Мұндай ұстанымның жарқын көрінісі, үлгісі Э. Роттердамскийдің «Мәңгілік бейбітшілік туралы трактат» еңбегі. Халықаралық келісім түріндегі трактат мысалы ретінде 1856 ж. Париж қаласында қол қойылған Қырым соғысының аяқталғаны туралы бейбіт трактатты айтуымызға болады.