САЯСАТ

lat: Saıasat

[ар.] з а т. 1. Елді басқару ісін жүргізу, таққа, билікке ие болу, араласу, ел билеу ісі. Алтыннан бұл болған соң өткен жұмыс, Аз болар аңлағанға қалай күміс. Болған соң мұндайынша мінген тақты, Шамалар с а я с а т ы н қиын біліс (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Ғылым с а я с а т т а н тысқары болуы керек. Мен жазушы, ақын, ғалымдардың саясатпен шұғылданбағанын тәуір көрем («Айқын»). Әркім өз саласындағы міндетін таза, ұқыпты орындап жүрсе, с а я с а т қ а қосқан үлесі сол («Айқын»). 2. с а я с и. <грек. ро1іііка> Мемлекет қызметінің формасын, міндеттерін, мазмұнын анықтауды көздейтін әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа, билікті ұстап құру мен пайдалануға байланысты қоғамның өмір сүру әрекетінің саласы. С а я с а т т ы ң әлеуметтік бағыттылығы деп жүргеніміз белгілі топтар тарапынан туындайтын өзгермелі және құбылмалы түсініктер мен мүдделердің күрделі жүйесінің нысанасы болып шығады (Н.Ә.Назарбаев, Ғасырлар тоғ.). Біріншіден, олар (алашордашылар) қазақ елін жаңа заманада қазақ ұлтының өкілдері билеу керек деп санады; Екіншіден, Қазақ мемлекеттігі совет жүйесі құрамында өзіндік ұлттық болмысын қалыптастыру керек деп білді; үшіншіден, саясатта плюрализм болуын қалады; төртіншіден, с а я с а т т ы ң негізі - отаршылдық қалдықтарын бар салада жою деп таныды (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). 3. Мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет ішіндегі билікке ие болуға немесе биліктің таралуына, шоғырлануына ықпал етуге қатысты әдетте шын мақсаты шебер жасырылған, бүркемеленген айлалы шаралар. Бұл с а я с а т әсіресе соңғы кезде Әбілқайыр мен оның күйеу баласы Самарқанттың әмірі Әбусейіттің Ақсақ Темір тағына отырған кезінде өрши түсті (І.Есенберлин, Алмас.). Патша өкіметінің с а я с а т ы н а керекті болғандығы - қазақты оңай билеу үшін, бір болыстық жерге үш-төрт рудың басын қосып, оларды болыстыққа таластырып қояды (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам). Тәжірибелі өккі отаршыл И.Неплюев айтқандай, казактардың күшімен Еділ, Жайық, Жем, Ұлқаяқ, Ертіс, Есіл сияқты өзендерден, оның салаларынан қазақты шөл далаға ысыру с а я с а т ы, шын мәнінде, экономикалық блокада жасауы тағы бір амалсыздық туғызды (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). 4. Қоғам өмірінің жекелеген саласында қандай да бір мақсатты көздейтін жалпы елішілік істерді жүзеге асыру шаралары. Денсаулық сақтау жүйесін ақылы және ақысыз деп бөлу - халық үшін өте қауіпті с а я с а т («Жалын»). «Ішпеңдер» - деп бастықтарым зарлады, Тәртіп сақтау - с а я с а т т ы ң бар мәні. Ал өздері аз ішкен жоқ, бірақ та Туған елді талапайға салмады (К.Салықов, Жезкиік). Бірақ көші-қон с а я с а т ы н д а ғ ы соңғы кездегі солқылдақтар көңілге күдік ұялатып, ертеңімізге еріксіз алаңдатады («Парасат»). 5. Билік басындағы жеке тұлғаның немесе шағын топтың ел билеудегі ерекше қолтаңбасы, әдіс-айласы, бағыты мен амалдарының кешені. Сталиндік с а я с а т т ы ң бізге жақпағаны тәрізді, тотскиилік жоба да біздің симпатиямызды тудыра алмайды (М.Шоқай, Таңд.). Мақала авторы Түркия көйлерінде (шаруаларында) кемализм с а я с а т ы нәтижесінде туылуы тиіс «таптық жіктелуді» көрсету үшін көп күш салады (М.Шоқай, Таңд.). Бұл с а я с а т орыс патшалығының қазақ даласын жоңғар қолымен бағындыруды көздегендігін аңғартады («Айқын»). 6. Ұжымның, мекеменің өз мақсат- мүдделерін жүзеге асыру бойынша іс-қимылы, оның әрекет, қызмет ету үлгісі. Екеуінде де әуелі Шерхан Мұртаза бастап берген баспагерлік с а я с а т т ы кейінгі редакторлар жүйелі түрде жалғастыра білді («Жалын»). Министрліктің тікелей үш мәселемен - саланың заттық техникалық базасын жақсартумен, маманданған кадрлар дайындаумен, репертуарлық с а я с а т т ы реттеумен айналыса бастағаны жайында айтып бердім («Зерде»). 7. а у ы с. Ел билігінің тұтқасын ұстағандар. С а я с а т т ы ң құралы - мақтаншақтық, Төс қақпайтын өкімді қайдан таптық Сырттан даттап сұмпитып, көзге мақтап, Кей сұқсырды сұңқардай жайнаңдаттық (К.Салықов, Жезкиік). 8. а у ы с. Амал, айла-шарғы, құрал. Бұл тұста статистиканың да үлкен с а я с а т, психологиялық құрал, демографиялық қару екенін ұмытпаған жөн («Айқын»).                                                                                                                                                                                                                                                                      Ақпараттық саясат. с а я с и. Қоғамда ақпараттар желісін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың реттеушілік қызметі. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес а қ п а р а т т ы қ с а я с а т ұстанады (Саяси түс.сөзд.). Дұрыс таңдап алынған а қ п а р а т т ы қ с а я с а т қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастайды (Саяси түс.сөзд.).                                                                                                                                                                                                                                                                                      Аштық саясат. Геноцид саясаты. Қазақтың аяусыз қырғынға ұшыраған аса қасіретті, тарихи қаралы кезеңі, ұлт ретінде тұтастай жойылып кету қаупі төнген ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы қызыл империя ұйымдастырған «а ш т ы қ с а я с а т» - нәсілшілдік геноцид. Мұстафа Шоқайұлы айтқандай, қазақ ұлтын «коммунистің «балғасымен» жаншып, «орағымен» орып тастау» көзделді («Ана тілі»).                                                                                                                                                                                                                                    Әлемдік саясат. с а я с и. <ағыл. ро1ііісз> Жаһандану жағдайында қалыптасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейтін ХХ ғасырдың соңында АҚШ-та пайда болған ғылыми және білімдік пән. Қазіргі ә л е м д і к с а я с а т жаһандану жағдайындағы халықаралық қатынастардың барлық мәселелерін қамтитын қарқынды даму үстіндегі ғылыми пән (Саяси түс. сөзд.). Кейде ә л е м д і к с а я с а т т ы ң синонимі ретінде халықаралық саясат ұғымын қолданады (Саяси түс. сөзд.).                                                                                                                    Әлеуметтік саясат. Мемлекеттік билік және басқару органдарының әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу, қоғамның барлық салаларын үйлестіру, негізгі әлеуметтік топтардың мүдделерінің арасалмағын теңестіру, тұрақтылық пен азаматтық келісім бойынша атқаратын іс-қимылдары, қызметі. Казармалық социализм дегенмен де халықтық демократиялық биліктің рухын танытты. Ә л е у м е т т і к  с а я с а т т а оқып білім алуды, денсаулық жүйесін қалыптастырды, ұлт теңдігін іске асырды, әйелдер бостандығын үстем етті (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Ол «ұлы шахмат тақтасы» болып табылатын жер шарының қай бөлігінде ә л е у м е т т і к  с а я с а т т а тегеурінді тұлға болып табылатын қай іргелі мемлекеттердің үстемдік құратынын алдын ала болжалдап та қойды («Егемен Қазақстан»).                                                                                                                                                          Әскери саясат. с а я с и. Әскери істер саласындағы мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі, мемлекеттің әскери қызметті басқару өнері. Ә с к е р и с а я с а т т ы ң екі негізі құрамдас бөлігі бар: әскерді құру, қорғанысты қамтамасыз ету (Саяси түс. сөзд.).                                                                                                                                                                                    Геноцид [геноцидтік] саясаты. Қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топ өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюға багытталған үстемдік саясат. 1916 жылы патша өкіметі г е н о ц и д с а я с а т ы н жүргізді, қазақ сахарасында «от жалынға шарпылған жер мен ел» тактикасын қолданды. Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны 446 мың адамға кеміді (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Біз, Нардаранның мұсылмандары, Израильдің палестиналықтарға қарсы г е н о ц и д с а я с а т ы н а қарсымыз. Біз Израильден соғысты доғаруын талап етеміз және біз Палестина халқы мен бірге екенімізді мәлімдейміз («Ана тілі»). 2,5 миллион қазақ халқын аштықтан қырып, жүздеген мың адамды қуғын-сүргінге ұшыратқан большевиктердің г е н о ц и д т і к с а я с а т ы н а қандай баға берілді? («Жас Алаш»). Голошекиннің г е н о ц и д т і к с а я с а т ы шарықтау шегіне жеткен кезде Сталин оны 1932 жылы желтоқсанның 4-і күні кері шақырып алып, 18-20 аралығында оның орнына Орал облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы Л.Мирзоянды жібереді («Жас Алаш»).                 Екіжүзді саясат. Алдау саясаты, билік иелерінің айламен халықты өз жағына шығарып, оның мүдделерін аяққа таптау. Десе де кеңес үкіметі е к і ж ү з д і с а я с а т ұстанды: қаржылай көмекті көз қылып беруін бергенмен, Екі Досты Саратовта тұтқындап, ол ақшаларын қайта алып қойды («Парасат»).                                                                                                        Жазалау саясаты. с а я с и. Мемлекетті қылмыстық-құқықтық реттеудің жаза кесу саласы бойынша тұжырымдары. Кез келген ж а з а л а у с а я с а т ы сияқты ол үнемі өзін қолдайтын қоғамдық көзқарасты дәлелдеуді, жұмылдыруды талап етеді («Егемен Қазақстан»).                                                                                                                                                  Империалистік саясат. с а я с и. Империялық саясат. И м п е р и а л и с т і к с а я с а т, коммунистік космополитизм, халқымыздың ұлттық мәдениетін терістеп қана қоймай, жеке азаматтарымыздың ұлттық болмысына да залалын тигізген («Зерде»).                                                                                                                                                                                          Империялық саясат. с а я с и. Ірі монополиялар және басқа аумақтағы шикізат көздері мен ықпал ету салалары үшін күресіп отыратын капиталистік елдердің мүддесіне қызмет ететін саясат. Кеңес өкіметі сол и м п е р и я л ы қ с а я с а т т ы шын мәнінде жалғады, өйткені ол да аз ұлттар тымтырақай бөлініп, бөлшектеніп кетеді деп түсінді (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Бәрінен бұрын бауырлас башқұрт, татар ағайын үшін тарылған өрісте тыныстау, и м п е р и я л ы қ с а я с а т қ а иілмеу қиындап барады («Жас Алаш»). И м п е р и я л ы қ с а я с а т елдің, халықтың ұйытқысы болған дінбасыларынан, қазақтың әліпбиінен айыруды көздеді («Түркістан»).                                                                                                          Инвестициялық саясат. с а я с и-э к о н. Инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі. И н в е с т и ц и я л ы қ с а я с а т - өндірісті немесе кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің аймақтың, елдің ішінде де қаражат салу көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі (Саяси түс. сөзд.).                                                                                                                                                                                      Кәсіби саясат. ж а ң а. Жеке тұлғаның кәсібі болып табылатын жоғары технологиялар бойынша саясат жүргізу ісіне қатысты саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге негізделген адам қызметінің бір түрі. К ә с і б и с а я с а т бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады (Саяси түс. сөзд.).                                                                                                                                                Кеден саясаты. э к о н. Кеден бақылауы құралдарының неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және кеден шекарасы ішінде тауар айырбасын реттеу, ішкі рынокты қорғау және ұлттық экономиканы дамыту үшін мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешені. К е д е н с а я с а т ы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).                                                                                                                                                                                                                                                          Қазыналық саясат. э к о н. Үкіметтің салық салу және бюджет шығыстары саласындағы саясаты. Қ а з ы н а л ы қ с а я с а т экономикаға ықпал ету мақсатында салық салуды және мемлекеттік сатып алу құрылымын өзгерту жөнінде үкімет органдары тарапынан қолданылатын шаралар (Қаз. тілі термин. Экономика.).                                                                                    Қаржы саясаты. э к о н. Экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі, мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы. Қ а р ж ы с а я с а т ы қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында, мемлекеттік кірістер мен шығыстар құрылымында көрініс табады (Қаз. тілі термин. Экономика.).                                                                                                                                                                                                                Құқықтық саясат. с а я с и. Құқықтық әрекет аясында жүзеге асырылатын идеялар, шаралар, міндеттер мен мақсаттар, бағдарламалар, принциптер кешені, кеңістіктегі қатынастар мен байланыстар, мүдделерді қамтитын қатынас саласы. Алқабилер сотын енгізу, Республика конститутциясында көрсетілгендей, Қазақстанның жақын уақыттағы қ ұ қ ы қ т ы қ с а я с а т ы н ы ң бірден-бір басым бағыты («Егемен Қазақстан»). Жақында 2009- 2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары және 2010- 2020 жылдарға арналған Қ ұ қ ы қ т ы қ с а я с а т тұжырымдамасы қабылданды («Парасат»).                                                                                                                                                                                    Қызыл саясат. г а з е т і. Кеңес өкіметі жүргізген бір идеологияға күштеп бағындыру саясаты. «Қазақ, қырғызға көрші отырған түрік тектес ұлт пен ұлыстарда аштық деген болған жоқ», - деп қ ы з ы л с а я с а т бар пәлені қазақ, қырғыздың өзіне аударып салды («Ана тілі»).                                                                                                                                                      Мемлекеттік жаңартпалық саясат. э к о н. Ғылыми, технологиялық және ұйымдық-басқарушылық жаңалықтарды жасап, өндірісте игеру, рынокқа жылжыту саласында ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруға және мемлекеттің, ұлттық капиталдың және ғылыми қоғамдастықтың мүдделері үшін оны іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік қызмет бағыты (Қаз. тілі термин. Экономика.).                                                                                                                                                                                          Мемлекеттік саясат. с а я с и. Мемлекеттің қоғамдық істерді жүзеге асыруға қатысуы, мемлекеттің іс-қимылы мен әрекетінің формасын, міндеттері мен мазмұнын, бағытын анықтайтын идея, ұстанымдар, шаралар кешені. Президент басқаруымен М е м л е к е т т і к с а я с а т жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, оған еліміздің көрнекті ғалымдары мен саясаткерлерін қатыстырып, тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі, сыртқы саясатының жаңа байыптамаларын жасауға кірістік («Егемен Қазақстан»). «Бөліп ал да, билей бер» саясатын өз халқына қарсы ұйымдастырғандар түбінде өз сазайын алары хақ. Ал Қазақстан қоғамына бөлінуге әкеп соғатын емес, қазақ тілі мен ұлтының аясында бірігуге үндейтін м е м л е к е т т і к с а я с а т , ұлттық идеология қажет («Айқын»).                                                                                                                                                                                                              Монополиясыздандыру саясаты. э к о н. Ірі коммерциялық ұйымдардың бәсекені шектейтін қосылуларына және қосып алуларына заңды құралдармен жол бермеу, баға туралы сөз байласуларға т.б. тыйым салу шаралары (Қаз. тілі термин. Экономика.).                                                                                                                                                                                        Нәсілшілдік саясаты. с а я с и. Кенже қалған немесе тең құқықсыз халықтарды нәсілдік белгілеріне қарай бөлектеп, қысым көрсетіп, қудалауға, қырып-жоюға қарай бағытталған кертартпа саяси әрекеттер кешені. Италияның н ә с і л ш і л д і к с а я с а т ы Еуропаның көптеген елдерінен қолдау тапқанына куә болып отырмыз (М.Шоқай, Таңд.)                                      Отарлау саясаты. с а я с и. Өктем елдің басқа елді өзіне тәуелді ету, қол астына кіргізуге бағытталған қанаушылық мақсаттарды көздейтін іс-қимыл, айла-тәсілдер кешені. Егер орыс мұжығы шынымен патшалық о т а р л ы қ с а я с а т ы н ы ң «күнәсіз құралы», тіпті, құрбаны болса, онда патша үкіметінің жоғалуынан соң, отаршылдық ниеттерінен баз кешіп, Түркістан халқымен жақындасудың жолдарын іздеген болар еді (М.Шоқай, Таңд.). Айтпақшы, қазақта «қылмыс» деген сөз мүлде болған емес. Оның орнына «теріс қылық», «елден безген» деген сияқты сөздер қолданылған. Ал «қылмыс», «қылмыскер» деген ұғымдар Ресейдің о т а р л а у с а я с а т ы кезінде шығарылған реформа, уставтар негізінде пайда болды («Айқын»).                                                                                                                                                                                                                                                                                            Отаршылдық саясат. Отарлау саясаты. Өзгені не қылайын, о т ар ш ы л д ы қ с а я с а т ы н қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады (М.Дулатов, Шығ.). Қызыл Ресей бірталай мәселелерді, соның ішінде мақта мәселесінде бүгінгі қызыл Ресей ұстанып отырған о т а р ш ы л д ы қ с а я с а т патшалық Ресейді шаң қаптырып кетті деуге болады (М.Шоқай, Таңд.).                                                                                                                                                                                                                                                                 Рефляциялық саясат. э к о н. Экономикалық жағдаяттың нашарлауы жағдайында экономикалық өрлеуді және жұмыспен қамтылуды ынталандыруға тиіс, экономиканы реттеу түрлерінің бірі. Р е ф л я ц и я л ы қ с а я с а т мемлекеттік шығыстың көбеюіне, салықтардың төмендеуіне, несие-ақша экспансиясын ынталандыруға, пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне септігін тигізеді (Қаз. тілі термин. Экономика.).                                                                                                                                                                                                                  Салық саясаты. с а я с и-э к о н. Мемлекеттің дұрыс қызмет жасауы үшін қаржы жинауына байланысты міндеттерді тиімді шешуге бағытталған мемлекеттік шаралар жиынтығы. С а л ы қ с а я с а т ы н д а тиімділік пен әділеттілік арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек (Саяси түс. сөзд.). С а л ы қ с а я с а т ы мемлекеттік басқарудың саяси және экономикалық аспектілерімен тығыз байланысты (Саяси түс. сөзд.).                                                                                                                                                                                                                                 Саясат әлемі. Мемлекетішілік және мемлекетаралық қатынастарды реттеуге, биліктің таралуына, шоғырлануына әсер етудің жолдары мен шаралары. С а я с а т ә л е м і н д е әлі де мол тәжірибе жинақтай қоймаған өзінің ұлтына қажетті көмек көрсетуді ол осы жолы Қазақстан басшысынан өтінді («Парасат»).                                                                                                  Саясат әлеуметтануы. ғ ы л. Қоғамның, жекелеген әлеуметтік топтардың мемлекетке және билік институттарына көзқарасын саяси сана, саяси мінез-құлық тұрғысынан анықтайтын әлеуметтану ғылымының саласы. С а я с а т ә л е у м е т т а н у ы жеке тұлғаның, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың саяси шындыққа т.б. байланысты ой-пікірлерін саралайды (ҚҰЭ).                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Саясат әуесі [һауасы]. Елдер мен елішілік саяси топтар арасындағы билікке ықпал етуге талас негізінде қалыптасқан жағдаят, саяси кеңістіктегі ахуал. Кавказда 80-жылдар, 90- жылдардың бас кезінде с а я с а т ә у е с і қандай екенін білген адамға «Ревизордың» түрік тілінде шығуының мәнісі қандай екендігі белгілі (М.Дулатов, Шығ.). Біздің Россиядағы с а я с а т һ а у а с ы оның атқарған ғылым ісіне қарсы болып, 35 жылдан бері Франциядағы Париж шаһарында тұр (Ә.Бөкейханов, Шығ.)                                                                                                  Саясат дүниесі. Саясаттануға қатысты білімдер; саясатқа қатысты үдерістер мен үрдістер. Бұрын мектеп өмірден, тұрмыстан, әлеумет мұңынан, с а я с а т д ү н и е с і н е н жырақ болушы еді, енді мектеп оларға орайлы жасалу керек (Ж.Аймауытов, Шығ.).                                                                                                                                                                                          Саясатқа жүйрік. Айлалы, өз дегеніне оңай жететін. Әр нәрсенің қыбын ақылмен тауып, аптықпай пішетін, с а я с а т қ а ж ү й р і к бай осы тұста сең соққандай қатты алдырып қалды (С.Жүнісов, Ақан сері).                                                                                                                                                                                                                                                                          Саясат қайраткері. Өз елінің мүдделерін қорғауда, жүзеге асыруда маңызды болып табылатын саяси шараларды атқарушы, қоғамның саяси өмірінде оң үрдістерді қалыптастыруға ықпал етуші белсенді тұлға. Үстіміздегі ХХ ғасырдың 30-жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың, заңдылықты бұзудың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ интеллигенциясының қыруар қайраткерлері қатарындағы ірі тұлғалардың бірі - аса көрнекті мемлекет, қоғам және с а я с а т қ а й р а т к е р і , үлкен ғалым профессор Халел Досмұхамедұлы (Ә.Кекілбаев, Тол. жин.).                                                                                                                                                                                                                                          Саясат құралы. Саяси шараларды жүзеге асыруға септігін тигізетін тәсіл, амал т.б. Газетті қуатты с а я с а т қ ұ р а л ы н а айналдыра білген Муссолини 1914 жылы жаңадан «Пополо Д’Италия» («Италия халқы») деген газет шығарып, оны ұлттық-фашистік көзқарастағы басылымға айналдырған («Парасат»).                                                                                    Саясат қызметшісі. Елдің саяси шараларын, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруды көздейтін құзырлы орындардың қызметкері, лауазымды тұлға. С а я с а т қ ы з м е т ш і с і де , заң қолданушы би де, құлық түзетуші де адамдардың қылығын жақсы ұғып, білуге тиіс (Ж.Ай- мауытов, Шығ.).                                                                                                                                  Саясат сахнасы. Саяси іс-қимылдар өтіп жатқан, шаралар жүзеге асып жатқан кеңістік. Голощекин мен Сафаров с а я с а т с а х н а с ы н а н ғайып болды (М.Шоқай, Таңд.). Егер ұлттық буржуазия бір жеңнен қол шығарып, бірлесе әрекет етсе, с а я с а т с а х н а с ы н д а ғ ы креолдарды, яғни өзге ұлт өкілдерін нарықтан ығыстыруға, шаңырақтың кімдікі екенін байқатуға шамалары жетеді («Айқын»). «Ынтымақсыз елді ұрысы билейді, ынтымақты елді дұрысы билейді» демекші, осы ретте с а я с а т с а х н а с ы н а н нық орнын белгілеп үлгерген индегенистердің тобына ынтымақ, бірлік тілейміз («Айқын»).                                                                                                                                                                                                    Саясат субъектісі. с а я с и. Саяси іс-қимылдар мен саяси әрекетке қатысушы партиялар, қозғалыстар, тұлғалар, топтар мен мемлекеттер және басқа да саяси институттар. Курчатов қаласында жастар с а я с а т ы н ы ң с у б ъ е к т і с і 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар қатары болып табылады, оның саны қала тұрғындарының жалпы көлемінен 30% құрайды («Егемен Қазақстан»). Ел тарихында алғаш рет Қазақстан заңдарының өз территориясында Кеңес Одағы заңдарынан басымдығы жарияланды. Қазақстан шын мәніндегі халықаралық с а я с а т с у б ъ е к т і с і н е айналды («Хабаршы»).                                                                                                                                                                                                      Саясат тартысы. Саяси күштер мен нысандардың саяси кеңістіктегі ықпал, билікке таласы. Нариманның алғаш с а я с а т т ар т ы с ы н а көзі ашылуына себепкер болған нәрсенің бірі - II Александр патшаны төңкерісшілердің өлтіруі (М.Дулатов, Шығ.).                                                                                                                                                                                                Саясат түзеді. Іштей мүдделі болған жасырын мақсаттарын орындауды ойластырды. Бірақ келушілердің көбі таныс ауылдың адамдары болып, шеттен қос ат жегіп, с а я с а т т ү з е п келетін қонақ бұл ауылға жат еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).                                                                                                                                                                                                                    Саясаттың акулалары. г а з е т. ж а ғ ы м с ы з. Саяси кеңістікте басқыншылық танытатын үстем топтар, елдер т.б. немесе солардың өкілдері. Бұған дейін алыстан бақылап жатқан әлемдік с а я с а т т ы ң а к у л а л а р ы Алматыға да ат басын бұра бастады (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).                                                                                                                              Саясат тілі. Саяси жетекші мен сайлаушылар арасындағы байланыстың, саяси шындықты білдіру мен тіркеудің құралы ретіндегі тіл. С а я с а т т і л і - сайлаушылардың санасын алдап-арбаушы маңызды құрал (Саяси түс. сөзд.).                                                                                                                                                                                                                        Саясатын жүргізді. а) Айла-шарғысын, саяси мүддесін іске асырды. Бір жағынан, басын қорғап, патша үкіметінің құралы болған орыс-казактармен жауласу, патшалардың с а я с а т ы н ж ү р г і з г е н хандармен алысу; екінші жағынан, қонысқа таласып естек, қалмақ, түрікпен секілді көршілермен жауласу; үшінші жағынан, өзара ру таластары - Кіші жүздің өткен тарихында кездесіп келеді де тұрады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Елді бөліп-бөліп Жәңгір әр рудың, әр тайпаның басына бір-бір төре қойды. Бұлар өз қол астында Жәңгірдің с а я с а т ы н ж ү р г і з е бастады. Ел ішінде әділдік жойылды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). ә) Ойын іске асырды, айла-амалдармен көздегеніне жетті. Еділ-Жайықтың арасын мекендеген қазақты торына кіргендей билеп, жуасытуын оңай көрді. Арқадағы көп қазаққа с а я с а т ы н ж ү р г і з у г е жуасыған қазақты құрал қылғысы келді (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).                           Саясат ісіне көгендеді. Саясатты қатыстырды, саясатты араластырды. Жұрт шаруасын с а я с а т і с і н е к ө г е н д е п, жәбір қылып отырсыңдар дейтін (Ә.Бөкейханов, Шығ.).             Солақай саясат. Кесапаттарға, басқаның мүддесінің аяққа тапталуына әкеп соқтыратын саясат. Бұрынғы Кеңестер Одағы жүргізген с о л а қ а й с а я с а т т ы ң кесірінен Қазақстанда экологиялық проблемалар тіпті көбейіп кеткен («Парасат»).                                                                                                                                                                                                   Сыртқы саясат. с а я с и. д и п л. Халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. С ы р т қ ы с а я с а т т ы жүзеге асырудағы ең басты құралы - екіжақты немес көпжақты келісімдер мен келіссөздер (Саяси түс. сөзд.). Патриарх баспасөз бетінде халыққа және президентке өзінің ішкі және с ы р т қ ы с а я с а т ы туралы үндеуін жариялап тұрады, сайланған президентке өзінің ақыл-кеңесін б