САЯСАТ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

lat: Saıasat ZAŃDYLYQTARY

әлеуметтік заңдылықтар ерекшеліктерімен байланысты, ол қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара қарым-қатынасы мен түсініктілігін анықтайды. Саясат заңдылықтары көптеген адамдардың мінез-құлқынан көрінеді, сондықтан саясат заңдары үрдіс ретінде әрекет етеді. Саясат заңдары сыртқы және ішкі факторларын, байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі. Сыртқы факторлардың ықпалын көрсететін заңдылықтар қатарында саясат пен экономика байланысын көрсетуге болады. Ол саясаттың қоғамда үстемдік етуші экономикалық қатынастар түріне тәуелділіктен көрініс табады, сонымен бірге саясат экономикаға ықпал етеді. Саяси өмірдің ішкі байланыстары мен үрдістерінің әрекетін білдіретін заңдылықтар бар. Бұл қазіргі әлемдегі бұқара халықтың саясатқа тартылуымен, саяси белсенділігінің өсуімен байланысты. Сонымен бірге саясат пен басқаруға адамдардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін құрылымдар мен тетіктер көбеюде.