еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұйыммен анықталатын орынды алады. Өндірісті қатынастарының дамуына байланысты интеллигенция рөлі де артып отыр, ол саяси өмірдің маңызды факторына айналуда. Саясаттағы интеллигенцияны екіге бөліп қарастыруға болады: жоғары деңгейде жіктелген жалдамалы жұмысшы күші және «еркін» ойлаушылар. Жалдамалы жұмысшы күш ретінде интеллигенция бүкіл саяси құрылымды камтиды. Бұл қызметкерлер, бюрократия, саяси партиялар мүшесі, идеологтар, элита өкілдерінің бір бөлігі. Сонымен интеллигенцияның бұл бөлігі қарамақайшылықты жағдайда, себебі олардың сана еркіндігі саяси институттарға енулеріне байланысты корпорация заңдарымен шектеледі. Интеллигенцияның екінші бөлігі сандық тұрғыдан көп емес, әрі олар идеологиялық міндеттерден еркін. Бұл әлеуметтік топ нақты әлеуметтік-саяси қатынастардан жоғары тұрады. Олардың саяси және әлеуметтік тәжірибені саналы түсінуге толық мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде бұл қоғамға өзін ұйымдастыруда, әлеуметтік сілкіністерді азайтуға көмектеседі.