САЯСАТТАҒЫ РОМАНТИЗМ

lat: SaıasatTAǴY ROMANTIZM

белгілі бір әлеуметтік үлгіге қол жеткізуге бағытталған саяси түсініктер кешені, ол саяси қызметті сол мақсатқа бағындырады. Саясаттағы романтизм қоғам өмірінің барлық салаларын түбірімен өзгертуге бағытталған төңкерістік идеяларға тән. Төңкерістік романтизм кез келген төңкерістік идеологияның негізгі элементі, ол ер жүректілік, құрбандықпен байланысты. Бірақ оның саяси тәжірибедегі өміршеңдігі идеалды жобаны жүзеге асыру қағидасының сақталуымен байланысты. Уақыт өте келе идеалды мақсат пен оған жету әдістерінен көңілі қалуына байланысты романтикалық көңіл-күй құлдыраушылыққа ұшырайды. Романтиктер прагматиктерге орын береді. Саясаттағы романтизм жеке әлеуметтік топтар, әсіресе, жастар санасында ұзағырақ сақталады. Көп жағдайда саясаттағы романтизм теориядан аспайды. Саясаттағы романтизм нақты принциптерді, мінез-құлық үлгісін, шындықты әсіре қабылдау тәсілін білдіреді. Ол лексика мен символикадан да көрініс табады. Саясаттағы романтизм саяси тірлікті жоққа шығару, сайлау процедуралары мен парламенттік күрес әдістерінің тиімділігіне күмәнмен қарау тән. Саясаттағы романтизм төңкерістік сипатта болуы міндетті емес, ол демократиялық, гумандық идеалдардан да тұруы мүмкін. Саясаттағы романтизм саяси тәжірибеде адам табиғатының жақсы қасиеттерін пайдалануға бағытталады.