Саған

lat: Saǵan

1. (Орал, Казт.; Рес., Орын.) темір табақ. Сен сағанды қайда қойдың (Орын., Домб.). 2. (Орал, Жән.) кәстрөл. Күлай, айранды сағанға құй. Сағанға сүт пісіруге жақсы да (Орал, Жән.). Жалма-жан беті бүркеулі тұрған сағаннан бір аяқ қымыз құйып берді (Ж. Нөжім., Ақ шағ.). [Кене өзбек тілінде сагу: 1) ағаш ыдыс; 2) сусын ішетін ыдыс; 3) таразы батақшасы; як. ыагас тоздан жасалған шелек; тофаларда со тоздан жасалған кішкене шелекше. Араб тілінде сахэн табақша, табақ, ыдыс (Ә. Нүрм., Жер. тіл ерекш. терк., 100)].