Садақ жебесі

lat: Sadaq jebesi

Садақ оғы.

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Иірсу деген жайлаудағы таста: құс, садақ жебесі, қорған, әртүрлі таңба суреттер кездеседі. Бұл белгілер тегін ойылмаған. Мұндағы с а д а қ  ж е б е с і бағытты, қорған жекеменшікті, құс жүруге, жетуге байланысты қимыл-әрекетті көрсетуі мүмкін, таңба белгілі бір ру атын көрсетеді (қ.Айтазин, Кәсіби лексика).