Сахнада [пьеса, драма] қойылды

lat: Sahnada [pesa, drama] qoıyldy

Сахнаға шығарылды, театр сахнасына шығарылды. С а х н а д а  қ о й ы л ғ а н қайғылы оқиғалардан кейін актерлар оларды пародия түрінде қайта жаңғыртып, спектакль соңын әзіл-қалжыңмен бітіріп отырған (“Парасат”). Ол үрдістің үйренетін жәйттері болғанымен, сол қалпында көшіре салуға келмейді, дейді бір сөзінде Әбекең соңғы жылдары “Абылайхандастанын жазды, ол п ь е с а ретінде қ о й ы л д ы (“Егемен Қазақстан”). Қазақ п ь е с а л а р ы орыс театрларында қ о й ы л с а, драматургтардің көркемдік шеберлігі өсер еді (Ғ.Мұстафин, Ой әуен.).