Санитарлық қорғау аймақтары

lat: Sanıtarlyq qorǵaý aımaqtary

ауыз суымен қамтуға арналған жерасты суларын тұтынатын барша су алу имараттарының айналасында жасалынатын, жерасты суларының ластануы және сапасы төмендеуі мүмкіншілігіне жол бермейтін ерекше режимді аймақтар. Санитарлық қорғау аймақтары үш белдемнен тұрады; бірінші немесе қатаң режимді, екінші және үшінші - шектеуші белдемдерден.