Қатты өкінді, алданды, опық жеді. Екеуі де әлі күнге дағдарып, құр с а н ы н с о ғ ы п жүр (М.Әуезов, Шығ.). Тоқабай екеуі апанға жаңа ғана барып қайтқан беті екен, с а н д а р ы н с о ғ ы п, өкініп отыр (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Шулады көктем түсіп құлағандай [қуғыншылар] Беймаза кейбіреуі жылағандай, Өкінді барлығы да с а н ы н с о ғ ы п, Әмірхан қуа көр деп сұрағандай (И.Байзақов, Ақбөпе). Артынан барып өкініп, С а н д ы да с о қ қ а н батырмыз. Сөйлесек қоспай өтірік Соған да мәз боп жатырмыз (Т.Молдағалиев, Шақырады.).