Сап

lat: Sap

Сөз саптау. Сөз саптауы бұйырған сияқты, қақпаның екінші жағынан естілді (Ғ. Мұстафин). Осы бір тіркестен басқа жерде сап сөзі кездеспейді. Сондықтан оны бір нәрсенің (балтаның т. б.) сабы деген сөзбен шатастыруға болмайды. Көне түркі тілдерінің материалдарында сав, саб, саа деген формалар «сөз» деген ұғым беру үшін қолданылған. Одан сабчу, савчу, сапчу (сөйлеуші, шешен,сөзшең) деген туынды сөздер де жасалатын болған (Малов. Пам. др. иисьм.). Қазіргі ұйғыр тілінде саб (сөз), сабчы, савчы (жазушы, елші), манси мен ханти тілдерінде сав (дыбыс, үн), өзбек тілінде саучы, түрікпен тілінде саавчы т. б. деген сөздер бар. (Рясянен. Мат.-лы по ист. фон. тюрк. яз.). Сап сөзінің басқа бір мағынасын біз қазіргі қазақ тіліндегі жаушы деген сөзбен байланысты айтамыз. Сонда, сөз саптау деген тіркестегі екі сөз өзара мағыналас: оның бірі (сап) көне де, екіншісі (сөз) жаңа, бірақ екеуі де айналып келгенде бір мағынадағы сөз. Олар біздің осы күнгі тіліміздегі сөз сөйлеу ~~ сөзлеу деген тіркестің ізімен байланысқан. Осы әдіспен, сөз есімін сөзле (сөзде, сөйле) сияқты етіп етістік формаға айналдырғанымыз сияқты, сап есімін сапла (сапта) деп етістік формасымен түрлендіретін болсақ, сөз саптау (сөз сөзлеу - сөз сөйлеу) тіркесінің жасалу табиғатын айқын ұғынамызСөз саптау» дегеніміз не? «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2, 1959). (Ә. Қ.)