Сақадай сай [тұрды] • сақадай сайланды

lat: Saqadaı saı [turdy] • saqadaı saılandy

Іріктеліп дайын тұрды; қамсыз боп дайындық жасады. Күреңбай елең-алаңнан тұрып, сақадай сайланып алды да, сынық мүйіз қара ала сиырға бас жіп тағып, оның қызыл қасқа бұзауын қасына әкеп қойды (С. Омаров). Абдығапар Шоңқа қаңтарсыз күнде қалтырап, кәрі аруақты тербеткенге елді ұйытып, ер-азаматты сақадай сайлап жүр екен десем, бос қалтырау ма еді? (Ш. Хұсайынов).