Сақтау операциясы

lat: Saqtaý operasıasy

инф. Жедел жадта тұрған және редакцияланған құжатты тұрақты сақтау үшін дискіге жазу операциясы.

Сақталған құжаттың типі, әдетте, мәтіндік процессормен автоматты түрде телінеді. Мысалы, Word мәтіндік процессорында құжатқа doc типі телінеді (Қаз. тілі термин. Информатика.).