Сақталу принципі

lat: Saqtalý prınsıpi

Табиғаттың басты қасиеттерінің немесе қарым-қатынастарының тұрақтылығын бейнелейтін ғылыми принциптердің ерекше тобы. Физикалық теориялар құрылымында сақталу принциптері сақталу заңдары және инварианттылық принциптері тұрғысында тұжырымдалады. Қазіргі кезде энергияның, массаның, импульстің, спиннің, изотоптық спиннің, жұптылықтың, ағаштықтың, лептондық зарядтың, бариондық зарядтың және т.б. сақталу заңы белгілі. Арнайы салыстырмалық теорияда бірі екіншісіне қарағанда бірқалыпты және түзу сызықты бойымен қозғалатын жүйелерге қатынасында табиғаттарының инварианттылығы принципі тұжырымдалады. Физикалық теорияға мынандай фундаментальдық тұрақтылықтар енеді: һ- кванттық механикадағы Планк тұрақтылығы, Сақталу принципі-салыстырмалық теориясындағы жарық жылдамдығының тұрақтылығы. Бұл шамалардың тұрақтылығын сақталу принциптерінің айрықша түрі ретінде қарауға болады. Сонымен, сақталу принциптерінің түрлері сан алуан болады. Осы алуан түрлілікті материя қозғалысының алуан түрлі формаларымен салыстырып, осыған орай сақталу принциптерінің топқа бөлінуі мүмкін. Сақталу принциптері әрекетінің жалпыламалық дәрежесі бойынша жалпыға және жалқыға бөлуге болады. Мысалы, энергияның сақталу заңы сақталу принциптерінің жалпы тобына, ал жұптылықтың сақталу заңы- сақталу принциптерінің жалқы тобына жатады. Сақталу принципін сақталатын шамалардың (заттар, қасиеттер немесе қатынастар) сипаты және матем. формасы бойынша да ажыратуға болады. Күрделі, атап айтқанда, биологиялық жүйелерді зерттегенде құрылым ұғымы ерекше маңызға ие болады және сақталу принциптері бұл жерде құрылымдық принциптер формасына ие. Осыған орай сақталу принциптерінің симметрия қасиеттерімен яғни гармониялық ырғақпен немесе тұтастықты бөлшектердің заңды түрде орналасуымен арқатынасы үлкен роль атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, симметрия көрсетілген объектілердің ұқсастығымен және өзгешелігімен байланысатын сақталу мен өзгерудің бірлігі ретінде көрінеді. Сақталу принципінің материалдық объектілердің бірінің екіншісіне айналу процестерін қадағалайды. Олар табиғаттың заңды, қажетті себепті байланысының терең негізі болып табылады. Олар қайсыбір ғылыми теориялардың жалпы заңдылықтары бола отырып,жаңалық ашу мәніне ие. Сақталу принциптері диалект сақталу мен өзгерудің диалектикалық қайшылығының бір жағын бейнелейді