Сақтандыру жарнасы

lat: Saqtandyrý jarnasy

сақтандыру үшін сақтанушы сақтандыру келісімшартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуі тиіс төлем; төленген сақтандыру мүддесі заңға немесе сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтанушының сақтандыру тәуекелі үшін сақтандыруға төленетін төлем; Сақтандыру жарнасы сақтандыру тарифтеріне, сақтандыру мерзіміне, сақтандыру сомасының мөлшеріне және сақтандырушыға ұсынылған жеңілдіктерге қарай есептеледі. Мысалы, автокөлік құралын бірнеше жыл апатсыз пайдаланған кезде және бірқатар басқа факторлар кезінде. Сақтандыру жарнасын сақтанушы сақтандыру қатынастарын бастаған кезде біржолғы аванспен немесе бүкіл сақтандыру мерзімі ішінде бөлшектеп (мысалы, ай сайын, тоқсан сайын) төлейді. Сақтандыру жарнасының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетіледі.