Сақтандырудағы материалдық мүдделілігінің шамасы. Сақтандыру сомасымен және сақтандыру полисінің шарттарымен көрсетіледі. Егер сақтандыру объектінде сақтандыру мүддесі болмаса немесе сақтандыру мүддесінің басталуын күтпесе, бір де бір заңды немесе жеке тұлға сақтандыруға жүгіне алмайды. Егер сақтандырылған мүлік жоғалған немесе зақымданған болса немесе егер сақтандырылған мүлікке байланысты сақтанушының үшінші тұлғалардың алдында материалдық жауапкершілігі туындаса, сақтанушы материалдық залал көруі тіис. Аталған мүдде – сақтандыру келісімшартын жасау кезінде сақтанушының сақтандырылып жатқан мүлікте міндетті түрде сақтандыру мүддесінің болуы шарт емес екенін білдіреді.