Сақтандыру полисі

lat: Saqtandyrý polısi

сақтандырушы жасалған сақтандыру келісімшартын куәландыру мақсатында сақтанушыға беретін және сақтандыру келісімшартының шарттары қамтылған белгіленген үлгідегі ақша құжаты. Сақтандыру полисі стандартты және дербес болып бөлінеді. Стандартты сақтандыру полисін сақтандырушы жаппай сипаттағы қарапайым сақтандыру тәуекелдері бойынша жазады. Дербес сақтандыру полисі (мысалы, коножұлдыздардың сырт келбетін сақтандыру) әдетте кәсіби карьерасына байланысты жеке сақтандыру мүдделерін білдіреді. Барлық стандартты полистерде айрықша сақтандыру мүдделерін қанағаттандыратын келісімшарттың ерекше шарттары және соған байланысты әрекеттер қарастырылуы мүмкін (мысалы, сақтанушының мұрагерлік өкімі). Келісімшарттың ерекше шарттарын стандартты полиске кіргізу абсолютті немесе салыстырмалы шамалармен көрсетіледі. Полис сақтандыру келісімшартының бар екенінің заңдық дәлелдемесі болып табылады және қажет жағдайда сотқа ұсынылуы мүмкін. Егер сақтанушы өзіне табысталуы тиіс полис бойынша сыйлықақы төлемеген болса немесе берешегі болса, брокер аталған сыйлықақы төленгенге дейін полисті ұстауға құқылы.