Сақтандырғыш сөре

lat: Saqtandyrǵysh sóre

кен. Шахта оқпанына (ең төменгі оқпан албары қазбаларының табан астынан 1020 м төменірек) ағаштан, металдан, бетоннан жасалынатын сөре.

Сақтандырғыш сөре адамдардың және басқадай заттардың құламауын қамтамасыз ету үшін көлбеу және тік жүргізілетін қазбаларға жасалады (Қаз. тілі термин. Кен.).

Сақтандырғыш сыртқабықша. кен. Жалын сөндіргіштер тұратын сыртқабықша.

Сақтандырғыш сыртқабықша төмендегіше бөлінеді: жарылғыш сыртқабықшалар жарылғыш заттар тоқтамдарының жарылысқа айналуына қатысатын заттардан тұрады; мұндай сыртқабықшаларға нитрэфирлер қосылған минералдық тұздар кіреді. Жарылыстық емес сыртқабықшалар бұлар жарылысқа айналуға қатыспайды және бейорганикалық тұздардан (натрий, калий және т.б.) тұрады (Қаз. тілі термин. Кен.).