Сарбаздық әндер

lat: Sarbazdyq ánder

Сарбаздық ортада пайда болған халық әндері.

Ресейде сарбаздық әндер пайда болуы 18 ғасырға жатады. Мазмұны жағынан сарбаздық әндер әскери-тарихи және тұрмыстық болып бөлінеді (Ор.-қаз. түс. сөзд. Әдебиет).

Сарбаздық әндер қатысушы атынан жорық түрдегі ұрыстар, орыс әскерінің тапқырлығы, шыдамдылығы, ержүректілігі бейнеленіп, А.В.Суворов, М.И.Кутузов, М.И.Платонов сияқты қолбасшылардың образдары жасалған (Ор.-қаз. түс. сөзд. Әдебиет).