lat: Segiz qyrly, bir [seksen] syrly
Сегіз қырлы, бір [сексен] сырлы Өнері мол, байсалды жақсы адам. Уа, сол елде Жомарт деген жігіт болыпты...
Той-думанның сәні, әнші-күйші, серілігі және бар. Сегіз қырлы, бір сырлы деген сияқты марқасқа, бағлан жігіт болса керек, - дейді Дәукен (Т. Ахтанов).
Жатық сөз, жақсы мінез, жайдары ашық,
Жағымды, жан жадыратқан қайран ғашық.
Сегіз қыр, сексен сырмен шыраға тартсаң,
Түсіне алмас айтқанына кейбір жасық (Ақан сері).