қазақ өлеңінде Абай қосқан шумақтың үлгісі. Абайдың, «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған,
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең,өзің біл.
Шумақ 5 буынды тармақтармен 7– 8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар (аабввбгг). Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтарөзара үйлеседі. Келте тармақтарда 2 буынды, ал ұзын тар мақтарды 3 буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы алты тармақ тезис есебінде келеді де, соңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Мінсіз мүсінделген бұл өлең түрі –қазақ поэзиясында оқшаутұрған туынды.«Сегізаяқтың» өлшемін, шумақтықөрнегін Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, тағы басқа ақындар өз өлеңдерінде қолданды. Ахметов З.