lat: Seh shyǵysy
экон. Өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға, оған қызмет көрсетуге жұмсалған шығын; жалпы өндірістік шығыстың құрамдас бөлігі.
Цех шығысы аппаратты ұстау, цехтың басқарушыларға жатпайтын қызметкерлерін ұстау, ғимараттарды, құрал-саймандарды амортизациялау, күтіп-ұстау, жөндеу, сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер, оңтайландыру мен өнертабыс, еңбекті қорғау, құнсыздау және тозғыш құрал-саймандардың тозуы және оларды жөндеу шығындарының баптарын, сондай-ақ осы баптарда қарастырылмаған өзге де шығыстарды, мысалы, мерзімнен тыс жұмыс үшін қосымша төлемді, түгендеуді, төтенше салықты т.б. қамтиды (Қаз. тілі термин. Экономика.).