клеткадағы заттардың түзілуі жəне сыртқы ортаға шығарылуы. Көп жағдайда «секреция» термині тек безді мүшелердің əрекетімен байланыстырады. Секрецияны екі түрде қарастырады: сыртқы немесе экзокринді секреция кезінде клеткадан бөлінген заттар өзектер арқылы дененің немесе мүшенің бетіне жəне қуыс мүшелерге түседі (мысалы асқазан сөлі, сілекей, тұқымдық сұйықтық, сүт) жəне ішкі немесе эндокринді секреция кезінде клеткадан бөлінген заттар қанға немесе лимфаға өтеді. Секрецияның үш механизмі бар. Мерокринді секреция секрецияның жалпы типі болып келеді жəне ерітінді түріндегі секреттелуші заттарды диффузия жолымен клетка мембранасы арқылы жоюмен сипатталады. Осы жолмен медиаторлар, ас қорыту ферменттері сияқты гормондардың бөлінуі жүзеге асады. Апокринді секрецияда секрет бөлу кезінде апикальді плазматикалық мембрана жəне цитоплазманың басқа да құраушы бөліктері бүлінеді де, секреттелуші клетка қайта қалпына келеді. Бұл тип анальді жəне сүт бездеріне, жыныс мүшелердің терісіне тəн. Голокринді секреция кезінде синтезделуші клетка толықтай бұзылып, эпителийден секретке айналып бөлінеді. Бұл тип май бездеріне тəн. Құрамында тұздардың жоғары концентрациясы бар сұйықтықтардың (мысалы, тер) секрециясы көбінесе осмотикалық жəне электрохимиялық градиентке қарсы жүреді. Секреттелуші заттар (секреттер) химиялық табиғаты бойынша əр түрлі жəне иондар, ферменттер, гормондар, гликопротеиндер түрінде сипатталады. Мысалы, серозды қабықтардың (плевра, тамыр қалталары, перикард жəне т.б.) клеткаларының секреті органдардың бетін кеуіп қалудан сақтайды, бөгде заттарды жояды жəне тамырдың, плевра жапырақшаларының бетінің жылжымалылығын қамтамасыз етеді. Асқазан-ішек жолына бөлінетін секреттерде тағамдық заттардың ыдырауын қамтамасыз ететін ферменттер бар. Организмде гормондар, көптеген медиаторлар, иондар жəне т. б. регуляторлы қызмет атқарады. Ферамондар ішкі қатынастарды реттейді секреция кезінде бөлінетін секреттердің құрамы мен саны жүйке механизмдері арқылы гуморальды факторлардың қатысуымен реттеледі.