1. Ұшы үшкір, жүзі өткір ұрыс қаруы. «О, енеңді...» деді сонан соң селебесін қайтадан қынына салып.» (М. Мағауин) 2. Басқа түскен апат, қиын-қыстау кезең. «Көпке келген селебе, селебені елеме» (Мақал)3. Қатты жауған жауын. «Жылы жауын селебеге айналды». (З.Шашкин) 4. Өрімі сегіз таспалы қамшы. «Қамшы өрімінің санына қарай төрт таспалы «шыбыртқы», алты таспа «бұзаутіс», сегіз таспа «селебе», он екі таспа «дырау» деп аталады». («Қазақ әдебиеті» 29.05.1981)