Семіздік, қондылық, толықтық, еттілік, етжеңділік, жуандық, күйлілік

lat: Semizdik, qondylyq, tolyqtyq, ettilik, etjeńdilik, jýandyq, kúılilik.

Семіз болушылық. Маңдайыңның түгі бұйра маңқиған, семіздіктен сиырлары төрт тағандап жалпиған (А. Тоқмағамбетов). Қазір олар малдың қоңдылығын арттыру үіпін жарысқа түсуде («Жетісу»). Ұзын бойлы болса, бәлкім оның бұл толықтығы көзге бірден түсе де қоймас еді (Н. Баяндин). Сәл-пәл жалпақтығы, еттілігі болмаса, Кәрібай шалдан аумайды (Е. Домбаев). Етжеңділігіне қарамастан тегеурінді қолдардан мысықша ширатылып сытылып шыққан («Таң нұры»). Бойы ұзын болғандықтан, дененің өткінші жуандығы біліне де бермейді (Ж. Жұмаханов). Ақылов малдың күйлілігіне, малшының көңілділігіне масаттанды (Б. Тұрсынбаев).