Семіздік, қондылық, толықтық, еттілік, етжеңділік, жуандық, күйлілік

lat: Semizdik, qondylyq, tolyqtyq, ettilik, etjeńdilik, jýandyq, kúılilik.

Семіз болушылық. Маңдайыңның түгі бұйра маңқиған, семіздіктен сиырлары төрт тағандап жалпиған (А. Тоқмағамбетов). Қазір олар малдың қоңдылығын арттыру үіпін жарысқа түсуде («Же- тісу»), Ұзын бойлы болса, бәлкім оның бұл толықтығы көзге бірден түсе де қоймас еді (Н. Баяндин). Сәл-пәл жалпақтығы, еттілігі болмаса, Кәрібай шалдан аумайды (Е. Домбаев). Етжеңділігіне қара- мастан тегеурінді қолдардан мысықша ширатылып сытылып шыққан («Таң нұры»), Бойы ұзын болғандықтан, дененің өткінші жуандығы біліне де бермейді (Ж. Жұмаханов). Ақылов малдың күйлілігіне, мал- шының көңілділігіне масаттанды (Б. Тұрсынбаев).