(итал. scenario лат. тіліндегі scena, scaena – сахна сөзінен жасалған)–кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі. Сценаридің әдеби-драматургиялық шығарма ретіндегі ерекшеліктері кино ментеледидардың синтетикалық, сипатынан туындайды. Сценарий,– драматургияныңда, прозаның да тәсілдерін бойына сіңірген, сондай-ақ болашақкино немесе теле-шығарманың дыбыстық, музыкалық әліптелуін де қамтитын өзгеше драматуриялық түр. Сценаридің өзіндік бітімі бар әдеби, публицистикалық туынды екенін мойындай отырып, оның ең әуелі экрандық қойылым үшін жазылатындығын ескерткен жөн. Сценарий образдық жүйе экранда бейнеленгенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатты иеленеді. Драматургиялық түр санатындағы киносценарий және теледидар сценариі болып бөлінеді. К. с. XX ғ. 20 жылдарында ғана қалыптаса бастады. Әуелде «мылқау» фильмдегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін ғана атқарған киносценаридің дербес көркем туынды деңгейіне көтерілуі дыбысты киномен тікелей байланысты. Содан бергі уақытта кино драматургияның эстетикалық, творчестволық принциптері түзіліп, к. с.ң әдеби-драм. тұрпаты анықтала түсті. Қазір к.с.лер журналдарда жарияланады, жеке кітап болып та баспа жүзін көреді. Сценариде автор сөзінің (қадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің органикалық тұтастығы қатаң ескеріледі. Ремарка– киношығарманың барша бітіміне қатысты бірегей тәсіл. Болашақ фильмнің дыбыстың құрылымы (адам дауысы, аңдарқұстар дауысы, өзен сарылы, т.с.с.), оқиға желісі, кейіпкер мінездемесі, кеңістіктегі орны (оқиға өтетін жер, табиғат суреті) сияқты қырларын айқындаудағы ремарканың қызметі ерекше. Режиссерлік іс, ұғымы егжей-тегжейлі ремаркаға байланысты пайда болған. Негізінен публицистикалық туынды болғандықтан т. с.де эскиздік, нобайлық сипат басым. Сондықтан теледидарда с ц е н ар и й л і к жоба деген түсінік көбірек қолданылады. К. с., т. с-мен қатар әрқилы сахналық қойылымдар (мәселен, шоу-бағдарлама, театрландырылған көрініс) сценарийі деген де ұғым бар. Ал опералық, балеттік, пантомималық сценарилер либреттодеп аталып жүр. Бекниязов Т.