Сенсуализм

lat: Sensýalızm

(лат. sensus сезім, түйсік) білімнің, танымдық процестің қайнар көзі және негізі сезімділік, сезім органдарының мағлұматтары, сезімдік тәжірибе болады деп есептейтін философиялық бағыт. Ол бағыттың жақтаушылары сонау ертегректік философиялық мектептерде кездеседі (киренаиктер, эпикурейшілдер мен стоиктер). Ортағасырлық схоластикада «ақылда оған дейін сезімдерде болғаннан басқа ештеңе жоқ» нет ничего в разуме, чего не было бы до того в чувствах») делінген көзқарас болды. Бұл Аристотельдің сезімдердің мағлұматтары идеялар мен елестерге өзгеріледі деген ескертуімен қабысып жатыр. XVII ғ. француз философы П. Гассенди және ағылшындар Т. Гоббс пен Дж. Локк сезімдік қабылдауға үлкен маңыз берді. Француз ағартушылары Э.Кондильяк және К..Гельвеций сенсуализмді қолдады. Ал Д.Беркли сенсуализмнің идеалистік концепциясын жасады: «болу қабылданылатын болу»быть значит быть воспринимаемым») .