(лат. sensus - сезім, түйсік)—«танымның бастауы тек қана түйсік деп есептейтін гносеологиялық ілім. Егер сезімдерді объективтік шындықтың бейнесі деп қарасақ, онда дәйекті сенсуализм белгілі жағдайларда материализмге әкеледі (Гольбах, Гелвеций, Фейербах). Ал, егер түйсікті тек субъективті, олардың арғы жағдайында ештеңе және деп кеңесіп тану мүмкін емес «өзіндік зат» деп алсақ, онда сенсуализм субъективтік идеализмге әкеледі (Беркли, Юм, Кант, Мах, Авенарнус, Богданов). Сондықтан сенсуализм өздігінен философиядағы материалистік бағытты айқындай алмайды және оның өкілдері көп жағдайда идеализммен күресте шарасыз.Түйсік таным процесінің басқа жағы - практикамен және абстракты оймен тығыз байланысқанда ғана танымның қажетті жағына айналады. (Тангамы теориясы, Таным және практика, Сенсуализм, Сырттай қарау Эмпиримз).