lat: Separasıaá
Өз мәдениетімен сәйкестілігін сақтай отырып, өзге мәдениетті жоққа шығару, өз мәдениетінен ерекшеленетіндердің барлығына қашықтық орнату үшін физикалық немесе әлеуметтік тосқауыл тұрғызу. Мұндай жағдайда доминантты емес топ өкілдері доминантты мәдениеттен қандай да болса оқшаулануды дұрысырақ көреді. Егер мұндай оқшаулануды үстем мәдениет өкілдері талап етсе, онда ол сегрегация деп аталады.
Практика жүзінде мәдениеттердің өзара әрекеттесуінде оқшауланудан гөрі, сепарация жиі кездеседі. Мұндай кедергілер адамдарды әртүрлі топтарға бөледі: нәсілдік, этникалық, діни, саяси және т.б. Мыс., Американың қаланың жаман, лас жерлерінің тұрғындары көбінесе басқа мәдениетке жатады және олардың өмірінің материалды жағдайы нәсілдік шеттетуге себепші болады.