СЕССИЯ

lat: Sesıa

зат. 1. Жергілікті, жоғары мәжілістердің, сенаттың, соттың, ғылыми мекемелердің халықаралық ұйымдардың кезектегі жиналыстан тыс шақырылады (ҚСЭ).

Председатель Москваға сессияға кетіпті (И.Жақанов, Екі жирен).

Ол Украин ССР Жоғарғы Советінің мерекелі сессиясында құттықтау сөз сөйледі (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).

2. пед. Жылына екі рет қайталанып отыратын, жоғары оқу орындарындағы студенттердің білімінен есеп беру мерзімі.

Аяғы ауыр Гүлжан қысқы сессияға қатыса алмайтын болды (М.Дүйсенов, Гүлжан.).

Жазғы сессия аяқталысымен Қанат пен Байтас поезға бір отырды (Т.Әбдіков, Күз).

Жақында қысқы сессия басталады (Ж.Еділбаев, Бүгінгі ауыл.).