Шөктіре қысу

lat: Shóktire qysý

тұтас бөлшектің сыртқы диаметрі үлкейту және қуыс бөлшектің ішкі диаметрін азайту үшін қолданылады. Мұнда қысым күші қажетті деформация бағытына перпендикуляр түрде әсер етеді. Шөктіре қысу нәтижесінде бөлшектің көлденең қимасының ауданы оның биіктігінің азаюы есебінен үлкейеді. Шөктіре қысу әдісімен ішкі және сыртқы диаметрлері тозған төлкелерді жөндейді. Шөктіре қысудан кейін төлкенің ішкі диаметрін ұңғылауышпен (разведка) қажетті өлшемге дейін өңдейді. Асыра жүктемелі төлкелерді биіктігі 8 % дейін, ал қалған жағдайда 15 % дейін азайғанша шөктіре қысуға болады.