lat: Shópti, shóptesindi, shóptesin, otty, pgúıgin, shúıgindi.
Шөбі мол, шөп қалың өскен.
Шәлкөде - шөпті, сулы, мал өсіруге қолайлы жайлау (Ауызекі тіл).
Бұйрат-бұйрат құмның бір шөптесінді тұсына қойын қаптата жайып тұр (Н. Әбуталиев).
Енді аздан соң тастақ жер бітіп, шөптесін беткей басталды (С. Байжанов).
Буаз биелерге жері отты күзгі және қысқы жайлымдар бекітіліп берілді (А. Иманғалиев).
Шайлатып шүйгініне марқаларын, ән шырқап шопандарың жасады той (М. Хакімжанова).
Төскейдегі Ойқұдық шөбі мол, шүйгінді жайлау еді (А. Әуезов).