Шай

lat: Shaı

Басытқыма бал ішіп, Сусыныма шай ішіп, Піспекті саба, сары қымыз, Жанымды сомен сыйладым (Ғ. Шөреков). Шай қытайша ча және е деген сөздерден құралған. Қытай тілінде -ча [11] талшык, бұта; е [12] жапырақ, жұқа табақша. Демек, чае «бұта жапырағы» деген ұғымды білдіреді. Кейде бұл сөз қысқартылып, ча деп те айтылады. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдардағы қытайдың көне қолжазбаларында шай туралы деректер кездеседі. Шай өсімдігі Шығыстың басқа елдеріне және кейіннен Батыс елдеріне де Қытайдан тараған. Россияда шай сусын ретінде XVII ғасырдың 40-жылдарынан бастап қолданылған. Орыс тіліндегі чай сөзі қытай тілінен ауысқан атау. Біздің топшылауымызша, шай сөзі қазақ ортасына әріректе ұйғыр, монғол тілдері арқылы енген болса, беріде орыс тілі арқылы кең тараған болу керек. Қазақ тілінің фонетикалық заңы бойынша аффрикат ч дыбысы ш-ға ауысқан. (Б. Б.)