Шағылысу, ұрықтану

lat: Shaǵylysý, uryqtaný.

Жан-жануардың ұрық сеуіп, тұқым шашуы.

Саршұнақтардың ұрғашылары індерінен сыртқа шыққан соң бірнеше күннен кейін-ақ шағылыса бастайды (X. Қыдырбаев).

Қошқарларға сәбіз, түрлі жармалардың барлығы дер кезінде беріліп, 35 күннің ішінде мал толық ұрықтанып болды («Алғы шепте»).