Шағындап, шақтап, шамалап, ептеп, аздап, тамызықтап, сыздықтап

lat: Shaǵyndap, shaqtap, shamalap, eptep, azdap, tamyzyqtap, syzdyqtap.

Лақылдатпай аз-аздан, мөлшермен.

Апам бір тарелкаға шағындап сары май салып әкеп қойды (С. Омаров).

Тек үй ішіне ғана шақтап асқан ет екен (М. Жұмағұлов).

Шамалап ішетіні бар Төлеген: «Ішсек ішейік» деп келісе салды (Ө. Қанахин).

Мен қаталап тұрғаным, ептеп сусындап, дем алайын (А. Сатаев).

Оның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтірдің бірін қосып, аздап май құяды (С. Қасиманов).

Пляжкада бір жұтым, қалған суын нормалап, тамызықтап тамызды, су жүгірді сорғалап (А. Тоқмағамбетов).

Тау қатпарларының әр жерінен сыздықтап аққан бұлақ пен ескі құдықтарды сағалайды тұрғындар («Лен. жас»).