lat: Shalý
(Маң.: Маңғ., Шевч.) домбыра, қобыз, сырнай тарту.
Бұл етістік көбіне домбыра шал, күй шал деген сияқты тіркес түрінде қолданылады.
1. Домбыраға күй шала білу үлкен өнер ғой (Маң., Маңғ.).
2. Домбыраны жақсы шалатын көрінесің, енді бір ауыздан жібергең (Маң., Шевч.).
3. Шаттанып жүрген күнімде домбыраны қолға алғанмын, Оң-солға бұрап шалғанмын (Аралбай ақын).
4. Сыбызғы шалып отырған бала жұртқа ұнап қалды (Маң., Маңғ.).