lat: Shalǵysh
(Шығ. Қаз.: Күрш., Зайс., Тарб.; Сем.: Абай, Шүб., Көкп., Аяг.) алжапқыш, белдемше, омырауша. Бұл сөз Ал-маты облысының Кеген, Нарынқол аудандарында алшалғы , Шығыс Қазақстанның кей жерінде алшалғыш түрінде айтылады.
2. (Алм., Іле) балықшылардың алжапқышы . Асманды тасығанда алдымызга шалғыш байлаймыз (Алм., Іле).