1. Шұбырынды із. 2. Тас, шағыл. 3. Шайдың самасы. 4. Дәні сапырылып, қауызы желге ұшырылмаған астық. 5.Ертеде сайлау жүйесінде бюллетень орнына қолданған домалақ тас. “…шарға түскен уақытта Нұрпейіске он тоғыз шар, Сәрсенбайға он төрт шар шығып, біздің жаңа талап босқа қалды. (М.Дулатов) 6.Шарық, шарық қайрақ. «Мең бір шарға ұстаған қара балта едім, Шабуымды таппай кетілген, Қайраса қайта жетілген.» (Ма хамбет) 6.Дау. Дау-шар. «Бұған болма ынтызар, Шарға салып басыңды.» («Қобланды батыр» жыры) Ауысп: Шар саулық- кәрі салық. Шар тарту - егде тарту, мосқалдану.