Шарлау

lat: Sharlaý

Бірақ бүгін төсекке жатқан соң өткен күндерді шарлаған ұшқыр қиял тағы да Гүлкенге келіп тірелді (С. Сейфуллин). Бұл сөздің түбірі шар (қара: шартарап), -ла есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақ, тұйық етістік көрсеткіші. Шар сөзімен түбірлес қазақ тілінде біраз сөз бар: шаршы, шарықтау, шартарап т. б. (С. И.)