lat: Shegý
1. (Маң., Маңғ.; Гур.: Есб., Тең.; Рес., Сарат.) таразыға тарту, өлшеу.
Салмағын байқағың келсе, шеккіге (қ.) шегіп көр (Маң., Маңғ.).
Ләпкеші затты складтан шегіп алады (Рес., Сарат.). Жайық бойы қазақтарында да бұл сөз айтылады.
2. (Түрікм.: Красн., Бекд., Небид., Ашх., Гяу., Таш., Көнеүр., Тедж., Байр., Мары; Гур.; Орал: Чап., Жымп.) қою, салу, өлшеу, тарту, т.б .
Колхоз бастық қол шеккен (Түрікм., Тедж.).
Бұл бала сурет шеккіш (Түрікм., Ашх.). [Түрікменше чекмек (Туркм.- рус. сл., 1940); өзб. чекмоқ (Узб.- рус. сл., 1954); қарақ. шек (Карак.- рус. сл., 1958)].