Шепік

lat: Shepik

(Түрікм.: Красн., Бекд., Алт., Небид., Қүмд., Ашх.; Маң., Маңғ.) тек табаны ғана бар, аяққа тікен кірмес үшін жасалған аяқ киім.

Шепікті башпай арасына жіппен байлап тұрғызады (Түрікм., Бекд.).

[Түрікменше чепек сандал тәріздес қолдан жасалған аяқ киім (Туркм.-рус. сл., 1940)].