(Французша chаvinisme - Наполеонның басқыншылық саясатын қолдаушы .И. Шовена дегеннің есіміне байланысты термин) - адамдар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы қатынастардың ойлау мен мінез-құлықтың ақылға сыйымсыз (иррационалды), өңі айналдырылған, аса қауіпті және баянсыз түрі, басқа біреулердің «күн астындағы» жылы орны мен териториясын күшпек не түрлі айла-тәсілмен тартып алу саясатын қолдау мен ақтауға талаптанушылық, басқа халықтардың қанау мен тұншықтыру, тіпті реті келсе, жойып жіберу (геноцидке) ұмтылушылық. Шовинизм өзінің демократияға қарсы,адамгершілікке жат екендігін 20 ғасырда тұрмыс саласынан саяси салаға ауысып, екінші дүние жүзілік соғысқа жол ашып, агрессивтік күштердің және оның сойылып соғатындардың қаруына айналып, нәсілшілдік пен фашизмнің "батыстық" (германдық - италяндық) және шығыстық (жапондық) типтерімен біте қайнасып, өз пиғылын толық паш етті. Шовинизм тотолитарлы мемлекеттілікті, әскери- бюрократиялық кешенді және қалың бұқараның ксенофобиясы мен эгоцентризмінің қалдықтарын негізге алып, басқа ұлттар мен нәсілдегі адамдарға, өзгеше ойлап, өзгеше тұратындарға өшпенділік пен өле-өлгенше қастық уағыздайды. Шовинизмді ұдайы насихаттау қоғамдық сана мен рухани мәдениеттегі терең деформацияларға, ұлтаралық, мемлекетаралық, топаралық және жеке адамдар арасындағы қатынастарға надандық пен волюнтаристік айла-шарғылардың таралуына басқалардың есебінен күн көруге, өз құрбандарының мүліктерін, олардың ғылым мен өнердегі, саясат пен экономикадағы табыстарын иемденуге мүмкіндік жасағандықтан, еңбек ету қайшылықтарын бәсеңсітуге әкеледі. Санасы мен мінез-құлқы шовинизммен уланған, ұлылықты ғана аңсайтын агрессивті индивидтердің көз алдына жау ретінде тек бұратана халықтар (олардың барлығы әр кезде антипатриоттар, косполиттер ұлтшылдар және сол сияқтылар)бейнесі елестейді. Білім таяздығы, кәсіби мамандықтың төмендігі және адамгершіліктен жұрдай оларда ұлттық және нәсілдік паңдық, ұрда-жық қарақшылық әрекеттер барлық жағынан айқын көрініп жатады. Шовинизмнен нәр алған барлық ілімдер адамдардың өмір,бостандық және бақыт туралы табиғи және әлеуметтік құқық мәселелерін түбірімен бұрмалайды, тарихи процесті «қан тазалығы», «жазмыштан-ақ» бір ұлттардың үстемдігі мен қалғандардың оған құл болып бағынуы о дүниелік күштердің араласуынан болады-мыс деп түсіндіреді. Ұлтшылдық, ойлаудағы, санадағы, мінез - құлықтағы Эсхатологиялық бұрмалаушылықтар адамзаттың біртұтастығы, ұлттар арасындағы айырмашылықтардың болымсыздығы, өткіншілігі туралы ғылымда әлдеқашан белгіленген және тарихи практикада сан рет расталған фактілерге қайшы келеді. Шовинизм мен олардың бұрмаланған дүниеге көзқарасы түрлі ұлттарға жататын адамдардың түп негізінің бірлігін қасақана күрмеушіліктен, ұлттардың теңдігі мен өзара көмектесу мүмкіндіктерін мойындамаушылықпен, ұлттық алауыздықтарды тереңдету мен мәңгілік етуге тырысушылықпен сипатталады.