басу өнімін өңдеу әдістерінің ең негізгілерінің біріне жатқызуға болады. Өйткені бүйымдар мен жартылай өнімдердің көпшілігі осы әдіспен өңделеді. Кескілеу мен жағалай кесу үдерістерінде материалды түзу сызықты кесумен кесетін болса, шабуда белгілі бір шаблон бойынша өнім шабылады. Әдетте, ондай өндірісте кесу жиектері тұйықталған. Кейде, бірақ ашық штамп пайдаланылады, мысалы кітап блоктарынан ойын карталары т.с.с. өнімдердің бұрыштарын жұмырлауда, сонымен қатар индекстерді ойып-шабуда (анықтамалық басылымдардың шеттерінде саусақ ұшына ойық жасауда және т.б.) ашық штамп пайдаланылады.