олигодендроглия клеткаларының түрлері, шет нерв жүйесі мен ганглиилерде нейрон өсінділерінің қабықшасын түзеді. 1838 жылы Т. Шванн анықтаған. Миелинсіз нерв талшықтарында Шванн клеткалары бір немесе бірнеше аксондарды өзінде аяқтап, жұқа Шванн қабықшасын, ал миелинді нерв талшықтарында көп қабатты миелин қабықшасын түзеді. Шванн клеткалары арқылы немесе көрші клеткалардың нейрон өсіндісімен түйіскен жерінде метаболиттер енеді. Шванн клеткаларының толқынды қозғалысы нейрон өсіндісі бойымен əртүрлі заттардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады.